Түркістан облысында биыл егін бітік шықты. Тиісінше Мамандар мен фермерлер және атқарушы органдар жоспарлағандай барлық ішкі және сыртқы сұранысқа жеткілікті өнім жиналмақ. Өңір жылда осы көрсеткіш бойынша оң динамика көрсетіп келеді.Әсіресе Қазығұрттық шаруалар оң нәтиже көрсетіп отыр. Онда биыл 51 мың гектар жер игерілген екен. Оның 43 мың гектарына бидай, 6 мың гектарына арпа себілген. Шаруалар бір гектардан орташа есеппен 22 центнерден аса өнім алып отыр. Бұған, суарудағы жаңа технологияларды қолдану оң әсерін берген.
️