Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күн қатарынан болған өрт толықтай сөндірілді. Атап айтсақ, Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде шыққан өрт 1900 гектарға таралған еді. Күршім ауданында қызыл жалын 1800 гектарға дейін жеткен. Отпен күреске құтқарушылар, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатарынан 255 адам мен 29 техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, Құйған ауылдық округінің аумағындағы тілсіз жау 2 мың гектар аумаққа жайылып, бүгін ауыздықталды. Ал, Алтай ауданындағы бұта мен шөпті шарпыған 2400 гектарған тараған өрттің беті әлі қайтар емес. Әзірге елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.Бүгінде ол жерде 207 адам мен 29 техника жұмыс істеп жатыр. Еске сала кетейік, алапат өрт Шығыс Қазақстан облысында 2-қыркүйекте басталған болатын.
️