Қостанай облысындағы алапат отпен арпалысқан өрт сөндірушілер тұрақты жұмыс орындарына оралып жатыр. Оларға жергілікті халық өз баталарын беріп, алғыстарын айтуда.
Осылайша Әулиекөл ауданындағы орман өртіне жұмылдырылған 2 мыңнан астам құтқарушының басым бөлігі үйлеріне қайтты. Ал, қазір бұл өлкеде 400-ден аса өрт сөндіруші қалып отыр. Ал, жедел штаб, табиғат апатының салдары толық жойылғанға дейін жұмыс істей бермек.
Өртке оранған өңір... Жасыл орманның орнын қалпына келтіру үшін қанша жыл қажет? Айтып келмейтін апатқа кімдер кінәлі? Бұл сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, жаңалықтардан соң Түркістан телеарнасынан Қостанай облысына барып мән-жайды анықтап білген, Айдос Игіліктің «Арнайы репортажын» өткізіп алмаңыз.
️