Құзырлы органдар жолдауды талқылап, дөңгелек үстел өткізді

215
12.09.2022 04:46

Түркістан облысының прокуратурасында құқыққорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда  Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Өйткені мемлекет басшысы елімізде соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі  10 есе артқанын, есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс деген болатын. Сондай-ақ интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілер жиілеген. Жыл басынан интернет алаяқтары азаматтарға 7 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірген. Дөңгелек үстелде заңнамаларға енгізілетін түзетулер бойынша ұсыныстарды қарайтын тұрақты жұмысшы топ құру туралы шешім қабылданды. Енді облыстық құзырлы органдар  қылмыстық және қылмыстық процестік қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін ұсыныстарын әр тоқсан сайын әділет департаментіне жолдайтын болады.