Өткен жылы Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты 1,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ға артық. Осындай оқиғалардың алдын-алу үшін Түркістан қаласындағы барлық мектеп пен колледждердің басшылары мен құзырлы орган өкілдері бас қосты. Жиынға қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдады. Киелі шаһар тұрғындарын толғантқан мәселер қоғам талқысына түсіп, лайықты жауабын тапты. Айталық мектеп ғимараттарындағы қауіпсіздіктен бастап, көше бойындағы тақтайшаларға дейін сөз қозғалды.
️