Олимпиада ойындарынан боксты алып тастауы мүмкін

442
09.09.2022 11:21

Алдағы уақытта бокс жазғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бокс жоқ. Алайда бұл ақырғы шешім емес. 

"Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы кеңесі Халықаралық бокс ұйымы басқармасын асқан алаңдаушылықпен бақылайтын болады", - делінген ХОК-тың IBA асшысы Умар Кремлевке жіберген хатында. 

Бокста үдемелі реформалардың жоқтығы мен IBA-ның ресейлік "Газпром" компаниясына тәуелділігі ХОК-тың алаңдаушылығын тудырып отыр. 

"Кешке кешке алған есептегі ақпаратқа сәйкес, IBA-ның әзірге өзге табыс көзі жоқ", - деп мәлімдеді комитеттің спорт директоры Кит Макконнелл.

Бұған дейін қаржылық қиындықтардың салдарынан ХОК IBA-ны Токио ойындарын ұйымдастыру және басқару ісінен шеттеткен болатын. Сондай-ақ, бокс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген.