Түркістан қаласындағы жылу қазандықтары жылыту маусымына әзір. Мамандар қыстың қамын жазда ойлап, қазандықтарды ағымдағы жылдың шілде айында орташа жөндеуден өткізіпті. Қосымша шаю-қысымдау жұмыстарын да жүргізіп үлгергеген.
Соңғы 2 жылда қала бойынша 4 жылу қазандығы жұмыс жасаған. Ал, биыл тағы 6 қазандық іске қосылмақ. Бүгінде 165 көпқабатты тұрғын үй ,53 коммерциялық нысан мен 28 бюджеттік мекемеге жылу осы қазандықтар арқылы тарайды. Негізі жылу беру маусымы 1-қарашадан басталады. Дегенмен, өңірдегі ауа райы салқындап 3 күн бойы 8 градустан төмен болса, кез келген уақытта жылыту қазандықтары өз жұмысын бастауға толықтай дайын.
ҚАНАТ ОРАЛОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ - Біздің коммитет медиа жоспар бекітіліп, баспасөз турын жоспарлады. Жалпы 6 баспасөз тур. Біріншісі 1-қыркүйек күні түркістан- су мекемесінде өткен болатын. Бүгін екінші баспасөз тур. Жылуға байланысты. Мақсатымыз бұл мекеменің техникалық жұмыстарымен танысу.
Қазандықтарға ағымдағы жылдың шілде айында жөндеуден өтіп , шаю-қысымдау жұмыстары жүргізілген. Ал, биылғы тариф мөлшері ақпан айында белгіленген баға бойынша қалады. Яғни 1 шаршы метрге 92 теңге 46 тиын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда арзан. Алайда, әліде қала тұрғындарының жылуға 15 миллион теңге берешегі бар екен. Сол үшін мамандар Жылыту маусымы басталғанша қарыздар өтелмесе біраз қиындық туындайтынын ескертеді.
ЕРҒАЗЫ РЫСБЕКОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ "ЖЫЛУ" МКК ДИРЕКТОРЫ - Әкімшілік іскерлік қазандығының тарифі енді бекітіледі. Хабарлайтын боламыз. Енді тағы бір айта кететін мәселе берешегі барлар ....
Өңірде жылыту маусымы 1 қарашадан 1 сәуірге дейін яғни 149 күнге созылады. Бірақ былтыр қалада ауа райының күрт салқындауына байланысты 22-қазанда толық жылыту қазандықтары іске қосылған болатын.
️