Қостанайлықтар Түркістаннан барған еріктілерге алғысын білдірді

127
09.09.2022 05:21

Қостанайлықтарды қолдауға Түркістандықтардың қайырымдылық керуені келді. Сындарлы кезде қиындыққа тап болған тұрғындарға азық-түліктен бастап тұрмысқа қажетті заттарға дейін 3 жүк көлігімен жеткізілді. 

Бұл жолғы қайырымдылық эстафетасын Түркістандықтар қабылдады. 2 000 шақырымды 2 күнде артқа тастап, әулиекөлге жетті. Еріктілерді жергілікті жұрт зор ықыласпен қабылдап, алғысын білдірді. 

Өткен апта елді есеңгіреткен апатты естіген кезде Түркістандықтар қалыс қалмады. Түркістан облыстық Жастар Ресурстық орталығының жанынан жедел штаб құрылып, барлық 17 аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарында гуманитарлық көмектер қабылданды. Нәтижесінде Қостанай облысына бүгінге дейін 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Қайрымдылық шарасы бүгінмен шектелмейді. Тағыда 30 тонна тауар тиеген жүк көлігі жолда келе жатыр. Түркістандықтар елмен бірге.