Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі

163
09.09.2022 05:18

Елдегі өрт сөндірушілердің жалақысы артады. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Дмитрий Титовтың айтуынша, бұл көрсеткіш полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының еңбекақысымен теңестірілмекбар 24». Сондай-ақ жыл соңына дейін еліміздің өрт сөндіру стансаларында материалдық-техникалық базалардың жабдықталуы 72 процентке дейін жеткізіледі. Титовтың мәлімдеуінше, әрбір техниканың құны 90 миллион теңгеден асады. Сондықтан оны тез арада толық жаңарту мүмкін емес. Соңғы 2 жылда жауапты ведомство 241 өрт сөндіру машинасын сатып алған. Қазір қолданыста барлығы 3 мыңнан астам техника бар.

ДМИТРИЙ ТИТОВ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТІРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ - Өрт сөндірушілердің алғашқы жұмыс жылында 115 мың теңге көлемінде жалақы алады. Ал еңбек өтілі 20 жылдан асқан өрт сөндірушілер үшін еңбекақы 200 мыңнан асады. Бұл мәселе министірлікте күн тәртібінде тұр. Қостанай облысындағы іс-сапары барысында президентте бұл мәселеге ерекше назар аударды. Біз барлық мәліметтерді министірлікке баяндадық алдағы уақытта бұл мәселе оң шешімін табады деп сенемін.