үркістанда 126 ұсақ шаруа қожалықтары кооперацияға біріктірілді. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 363 млн. теңге қаржы жұмсалған. Жалпы мемлекет тарапынан кооперативтер үшін арнайы субсидиялар қарастырылыпты. Мәселен техника құнының 50 пайызын төлеп береді. Одан бөлек, барлық салық бойынша 70 пайыз жеңілдік берілген.
9.Түркістан облыс мәртебесін алғалы бері халық саны 75 мыңға артып, 2 миллион 52 мыңға жетті. Оның 21 пайызы қалада, 79 пайызы ауылдық жерде тұрады. Ерлердің үлесі 50,6 процент болса, нәзікжандылар 49,4 пайыз. Айта кетейік, 2018 жылы Түркістан облысы тұрғындарының саны 1 млн 977 мың адам еді.
10. Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер алаңында 40 қа жуық ойын алаңшасы бар. Қазір оның алтауы толық жөндеуден өткен. Балалар бұл жерде үстел теннисі, баскетбол, волейбол, футбол ойнай алады. Мұнда екі жылдың ішінде 6 спорт алаңшасы мен стрит орталықтары ашылған. Ал облыста дәл осындай 100 ден аса ойын алаңы бар. Бұл жас балдырғандардың бос уақытын тиімді пайдалануға таптырмас мүмкіндік. Мұндағы негізгі мақсат дарынды жастардың қабілетін байқап, үйірмелерге тарту болып табылады.
11.Үлкен жетілік елдерінің саммиті өтетін Ұлыбританияда жиынға қатысушы мемлекет басшыларының қоқыстан мүсіні жасалды. Жоба авторлары ескерткішті электронды бұйымдардың қалдықтарынан дайындапты. Осылайша олар әлемдегі экономикасы озық ел басшыларының назарын қайта өңдеу мәселесіне аударғысы келген. Суретшілер мүсінді жасауға түрлі техниканың 20 мыңдай бөлшегі жұмсалғанын айтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 53 миллион электронды қоқыс тасталады. Сарапшылар 2050 жылға қарай аталған қалдық саны 2 есе артатынын ескертеді.
12.Футболдан жанкүйерлер көптен күткен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі басталады. Доданың шымылдығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат бірде Италия – Түркия матчымен түріледі. Биыл біріншілік тарихында алғаш рет ойындар 11 қалада өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты доданың бір жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, Еуро 2020 деген атауын сақтап қалады. Бұдан бөлек, биыл індетке байланысты шектеу көп болып тұр. Мәселен, УЕФА трибунаға жанкүйерлердің жартысын ғана кіргізуге рұқсат етті. Бұл жартылай финалдарға, тіпті шешуші ойынға да қатысты. Стадионға жіберілетін жанкүйер саны әр елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Дегенмен, федерация басшылары адам санын көбейтудің мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
️