Созақта "Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

479
09.09.2022 05:10

Түркістан облысы Созақ ауданында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Онда күніне 30 мүмкіндігі шектеулі азамат пен ардагерлерге қызмет көрсетіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды орталық жұмысымен танысып, ардагерлер мен мүгедектігі бар азаматтармен жүздесті. Ол пайдалануға берілген жаңа нысан көпшілік сұранысын қанағаттандырады деп сенемін деді. Айта кетсем, орталық мүгедектерге және олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсету,  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрмыстық және әлеуметтін дағдыларға оқыту мен техникалық құралдарды пайдалануды үйретеді. Сондай-ақ спорттық дене шынықтыру, массаж, көңіл сергіту шаралары, зиятркерлік ойын түрлері мен рухани- танымдық шаралар өткізуге жағдай жасалған. Мұнда демалушылар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын түзейді. Іссапар барысында Дархан Сатыбалды бірнеше әлеуметтік нысанды аралап,  жылыту маусымына дайындығын саралады.  Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.