Әдеп кеңесінде бірнеше мемлекеттік қызметкерлердің ісі қаралды

256
09.09.2022 05:08

Тұрғынға тіл тигізген шенеунікке ескерту берілді. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында «әдепсіз» қызметшілердің істері қаралды. Олардың ішінде Түркістан қалалық әкімдіктің басшылық құрамы бар. Одан өзге, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарының ісі де тәртіптік кеңеске салынды. Күн тәртібінде тағы қандай мәселелер қаралды? Тілші тарқатсын.

Әдептік кеңестің кезекті отырысында  4 тәртіптік іс қаралды. Солардың алғашқысы Түлкібас ауданы әкімі орынбасарының орынсыз әрекеті. Тарқатып айтсақ, республикалық телеарнаның бірінде сұхбат барысында шенеунік қатқылдау үн қатқан. Бұл видео лезде әлеуметтік желіде тарап, елдің қызу талқысына түскен еді. 

Әдеп кеңесі мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде ақ жағалы азаматқа ескерту берілді. 

Алайда, әкім орынбасары өзіне тағылған айыппен келіспеймін. Түсірілім барысында бұрмалаушылық болған деп ағынан жарылды. Еске салсақ, Марат Сүгірәліұлының бұл алғашқы ескертуі емес. Бұған дейін 3 жыл алдын дәл осындай ескерту алған екен. 

МАРАТ ЖАНЕСЕН – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Шешімімді жаңа айттым ғой келіспеймін. Себебі мен ешкімнің ар-ожданына келетін басқа да жағдай жасаған жоқпын. Ол жұмыс барысында бірінші тілшінің өзі сұхбат алу кезінде халықтан арырақ тұруын талап етіп 3 рет айтты. Сол 3 рет айтқан соң менде де арырақ тұрыңыздар деп айтақнмын. Басқа ештеме айтқан жоқпын.

Әдепсіз қызметшілердің істерін қарау барысында Түркістан қалалық әкімдігінің 3 қызметкері тәртіптік кеңеске салынды. Олардың ішінде, Экономика және қаржы бөлімінің басшысы және оның орынбасары бар. Сондай ақ, Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысының ісі де талқыға түсті. Олар санитарлық емес сауда нүктелерін беру бойынша кейбір іс әрекетке көз жұма қараған. 

ТАИЫР ҚҰРАСБЕК – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ - Экономика бөлімі бұл мәселе бойыншща бірнеше министрлікке сұрау хаттар жазған. Сол сұрау хатта министрлік түсіндірген сіздер бұл жерлерді қайта пайдалануға бере алмайсыздар деп. Министрліктің хатын басшылыққа алмай осындай іс әрекет жасаған. Былай айтқанда бөлімдердің іс-әрекетінде құқық бұзушылық орын алған. 

Осылайша қалалық әкімдіктің 3 қызметкері Әдеп кодексінің 6-тармағының 2-ші тармақшасын сақтамағаны үшін «Қатаң сөгіс» беру шешімі қабылданды.