Кедендегі шикіліктер азаяр емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономикалық қылмыс жасап, ел бюджетіне кесірін тигізетін компанияларға қатысты тексеріс жүргізіле бастаған еді. Бұл жолы да жаға ұстатарлық фактілер анықталып жатыр. Қытайдан келетін тауарлар нарығын монополизациялап алған топтар салықтан жалтарып келген. Одан бөлек, тауар түрлерін мен оларды жеткізетін өңірлерді бөлісіп келген көрінеді. Салықтан жалтару тетігі де белгілі. Тауарлардың құнын әдейі төмен бағада көрсеткен. Қазір, оларға қатысты тергеу басталды.
МАҚСАТ ОРАҚБАЕВ ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ - Бас прокуратураның ұсынысы бойынша, мемлекеттік кірістер департаменті 10 компанияға 107 млрд тенгені қоса есептеді. Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің 236-ы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 7 компания бюджетке 21 млрд теңгені қайтарды. Қазіргі уақытта қаржы министрлігімен бірлесіп, қалған сомманы өндіріп алу жұмыстары жалғасуда.
️