«AMANAT»: Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

219
09.09.2022 05:04

«Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс».Мемлекет басшысының таяуда ғана өткен жолдауында баса айтқан сөзі бұл.Ал, қазір елімізде 500 мыңға жуық адам жұмыссыздар қатарында. Бірақ бүгінде екі қолға бір күрек іздегенге мүмкіндік көп. Мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер мен тиімді бағдарламалар да бар. Дегенмен істің көзін таба білетіндер аз. Облыстық «Аманат» партиясының ұжымы дәл осындай «Нағыз еңбек адамдарының» басын қосып, президент жолдауын насихаттау жиынын ұйымдастырды.

Рухани астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстары талқыланды. «Аманат» партиясының ұйымдастырумен өткен жиында кәсіп бастап, қанша адамды жұмыспен қамтып жүрген «нағыз еңбек адамдары» да төбе көрсетті. Солардың бірі Данияр Көбеев.Ол 2010 жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау тауып өз кәсібін ашқан. Алғашында аудандағы білім ошақтарына мектеп формасын тігу өндірісімен айналысқан кәсіпкер, қазір мектеп формасынан бөлек , арнайы киімдер, трикотаж өнімдерін тігумен айналысады. Кейіннен араға 2 жыл салып  ауыл шаруашылық саласына да бет бұрыпты. Бүгінде 200 га бидай,18 га жоңышқа егіп, 100 бас ірі қара мен 800 бас қой бордақылайды екен.Қосымша құрама жем де өндіреді.Ол енді қарапайым халық өз ісін ашуы үшін жеңілдетілген несиие алу жолы мен салық мәселесі шешілсе дейді.

ДАНИЯР КӨБЕЕВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ - Президет өз жолдауында білім саласына да аса ден қойды.Тіпті 800 мың бала 2025 жылға дейін заманауы мектепте оқуы керек деген болатын. Ал, Низамиддин Сүлейменов мұндай игі істі 12 жыл бұрын бастап кетіпті. Зейнет жасына шыққан соң ағамыз өмірбойы білім саласында еңбек еткен жұбайымен кеңесіп мектеп пен балабақша салуға кіріскен екен. Биылғы жылдың өзінде Низамхан аға банктен 6 млрд теңге несие алып, бірден 6 мектептің құрылысын жүргізген. Таяуда оның 4-еуі жаңа оқу жылында қолданысқа берілсе, қалған екеуі жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Азғана жылдың ішінде құрылысшы ақсақал Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 8 мектеп, 9 балабақша салып, бүгінде 2000 педагогты жұмыспен қамтып отыр. 3 тілде оқытылатын мектептерде тіпті қысқы бассейн де бар. Ең қызығы орта және жоғары сынып оқушыларының үздіктері мен белсенділеріне ай сайын стипендия төлейді екен. Онымен қоса белсенді мұғалімдер мен ата-аналарға саяжайларға демалу үшін жолдама да қарастырылған.

НИЗАМИДДИН СҮЛЕЙМЕНОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Талайларға талпыныс берген қос кәсіпкер президенттің қолдауын 100 пайыз қолдаймыз деп отыр. Әсіресе, олар өскелең ұрпааққа жасалып жатқан жағдайлар мен жастарды жұмыспен қамту саласындағы атқарылар істер жарқын болашаққа бастайтынына сенімді.