12 қазанда Путин Қазақстанға келеді

255
08.09.2022 10:01

Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Нұр-Сұлтанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысу үшін келеді, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.

"Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске президентіміздің қатысуы қаралып жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасына дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға келеді", - деді Ушаков журналистерге.

Сонымен қатар, Ушаковтың айтуынша, Қазақстанда Путинмен өтетін кездесу жоғары деңгейде яғни, "Ресей – Орталық Азия" форматында өткізу жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері 19 тамызда Сочиде кездесті. Сол кезде Тоқаев пен Путин екі елдің қарым-қатынасының дамуына қанағаттанғанын атап өтті.