Кентау қаласында 6 спорт алаңшасы ашылған

159
14.06.2021 03:31

Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер алаңында 40 қа жуық ойын алаңшасы бар. Қазір оның алтауы толық жөндеуден өткен. Балалар бұл жерде үстел  теннисі, баскетбол, волейбол, футбол ойнай алады. Мұнда екі жылдың ішінде 6 спорт алаңшасы мен стрит орталықтары ашылған. Ал облыста дәл осындай 100 ден аса ойын алаңы бар. Бұл жас балдырғандардың бос уақытын тиімді пайдалануға таптырмас мүмкіндік. Мұндағы негізгі  мақсат дарынды жастардың қабілетін байқап, үйірмелерге тарту болып табылады.