Сондай-ақ, облыс басшысы бүгін Бәйдібек ауданына да ат басын бұрды. Дархан Сатыбалды алдымен өңірде атқарылып жатқан тірліктермен танысты. Содан кейін халықпен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады.
Облыс әкімі ең бірінші Бәйдібектегі «Қапшағай» су қоймасының жұсымыен танысты. Осыдан 40 жыл бұрын салынған жасанды көлге жөндеуге бюджеттен 192 млн. теңге биыл қаржы қаралып отыр. Күрделі жөндеу келесі жылы аяқталмақ.
Сондай аймақ басшысы аудан орталығынан салынып жатқан кітапханаға барды. Мердігерлер облыс әкіміне кітапхана құрылысының жай-күйі туралы баяндалды. Қосымша қаржыландыру мәселесі көтеріліп, оны шешу жолдары айтылды.
Мұнан кейін әкім аудан халқымен кездесті. Бұған дейін ауданда атқарылған ілкімді тірліктерге тоқталды. «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жолдар жөнделіп, көшелерге жарық шамдар орнатылған. Бәйдібек ата елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен «Орталық саябақта құрылыс жұмыстары басталыпты.
Халық аймақтың жаңа әкімімен сұрақ-жауап өрбітіп, көптеген сауалдарына жауап алды. Көпшілікті толғандырған мәселелер еркін айтылып, аймақ басшысы барлығына ашық жауап қайтарды. Мысалға, енді Шаян және Ақжар елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары оң шешімін таппақ. Жергілікті тұрғындарда жаңа басшыға көкейде жүрген сауалдарын жолдап, Кездесу ақсақалдардың жаңа әкімге берген ақ батасымен аяқталды
️