Түркістаннан Қостанайға 100 тоннадан аса гуманитарлық көмек жіберілді

228
08.09.2022 04:23

Түркістаннан Қостанайға тағы 100 тоннадан аса гуманитарлық көмек жөнелтілді. Ең қажетті деген тауарларды жинауға облыстағы 17 аудан-қала тұрғындары үлес қосқан. Сондай-ақ Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстық Қазақстан студенттер Альянсы, «Jas Qadam», «Көзқарас» ұйымының белсенділері, «Аманат» партиясының, іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері де ерекше атсалысты. 

Айтып келмеген апаттың алғашқы күнінің өзінде Мақтаарал ауданы, Арыс және Түркістан қалаларынан жалпы 3 жүк көлік гуманитарлық көмек жиналып, Қостанайға жолға шыққан болатын. Онда азық-түлік өнімдері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар және төсек-орын жабдықтарын жинақталған.