Қостанай облысының экожүйесін қалпына келтіру үшін 70-150 жыл қажет

224
08.09.2022 04:17

Қостанайда жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, Қауіптің беті қайтты. Қазір әр жерде  бықсып жатқан от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, экология министрлігі Қостанайдағы тілсіз жаудың табиғатқа келтірген шығынын есептеуде. Сөздерінше, облыстың экожүйесін қалпына келтіру үшін кемінде қыруар қаражат пен 70 жылға жуық уақыт қажет. Айта кетсем, Қостанай облысында ауданы 300 мың гектарға жуықтайтын жасыл желекті алқап елдегі ең қалың орман саналады. Қызыл жалынның құрсауында қалған жасыл алқапта көктерек, қайың, қарағай ағаштары өскен. Сондай-ақ 158 түрлі құс мекендеген. Оның 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына еніпті. Ал тұяқты жануарлардан бұғы, елік, марал, бұлан кездеседі. Өрт күш алғанда қашып үлгермей қырылып қалған құс пен жануардың нақты саны әзірге белгісіз. Әзірге қызыл жалынның неден шыққанына қатысты бірнеше болжам бар.