Жолдауға қолдау

207
08.09.2022 04:15

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы еліміздің түпкір түпкірінде жан-жақты талқылануда. Түркістандықтар да қалыс қалмақ емес. Осыған орай «Басқармалар үйінде» Қазақстан халық ассамблеясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен отырыс өтті. Жиын да жолдауда айтылған басым бағыттар жөнінде баяндама оқылды. Басқосуда  Есалы Нұржанов жолдаудағы реформаларға тоқталып, оның бағыт бағдары бойынша тарқатып түсіндірді. Әсіресе 18 жасқа дейінгі балаларға ақша аудару, зейнет жасын төмендету сынды бастамалар елдің көкейінен шыққаны анық.