Қостанай облысындағы өрт елдің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізбейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады. Ведомствоның ақпаратына сай ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шеккен егістіктер аз. Алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілген жоқ. Өңірдегі табиғи апат салдарынан Қарабалық ауданында 15 гектер дәнді дақыл және 2 гектар аумақта зығыр дақылдары жанып кетті. Меңдіқара ауданында 1 гектар астық алқабы жойылған. Айта кетейік, биыл аймақта 1,8 млн алаңының 45,3% жиналды. Осыған орай, министрлік өңірден алынатын өнім еліміздің ішкі сұранысын қамтып қана қоймай, экспорттық жоспарды да орындауға жеткілікті дейді.
️