Арыс қаласын қалпына келтіруге қол үшін созған қостанайлық ағайынның игі ісін арыстықтар ұмытпайды! Ондағы тұрғындардың басына түскен тосын жағдайды теміржолшылар қаласының халқы ауыр күйзеліспен қабылдады. Зардап шеккен жұртқа көмек көрсету мақсатында ақшалай, азық-түлік, киім және ең қажетті заттар жинауды бастап кетті. Олардың қатарында қарапайым азаматтар мен шағын бизнес өкілдеріде бар. Жұдырықтай жұмылған Арыстықтар тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, гигиена құралдары және бірінші кезектегі қажетті заттарды алып келді. Бір күнде 3 тонна ұн, 100 адамға лайықталған төсек жабдықтары, 1 тонна макарон, 500 литрге жуық өсімдік майы жиналды. Одан бөлек, 10 тонна ауыз су, 2 тонна картоп пен сәбіз, 3 тонна пияз, қауын, жарты тонна орамжапырақ қостанай облысына жөнелтілді.
️