Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Ұлы қайраткер қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «қазақ» газетін ұйымдастырған. Бүгінде көрнекті қайраткердің атымен қазақстанның көшелері мен мектептері, тіл білімі институты, қостанай қаласындағы университет аталып,мұражай үйі мен ескерткіші ашылған.
Бүгінгі ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған Қостанайдағы ауқымды шара кейінге шегерілгенімен еліміздің түкпір-түкпірінде жиындар өтіп жатыр. Мәселен, түркістан қаласы №1 ахмет байтұрсынов атындағы мектеп-лицейі ғұламаның мерей тойын салтанатты түрде атап өтті. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен тың туындылары жөнінде сөз қозғалып, өлеңдері оқылды. Сонан соң, оқушылар лицей аумағында орналасқан алаш қайраткерінің бюстіне гүл шоқтарын қойды.
ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Сондай-ақ енді елімізде «Ахмет Байтұрсынұлы төсбелгісі» мен гуманитарлық ғылымдар саласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордада өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді. Бұл ғылым қуған жандарға үлкен демеу болатыны анық.
ҚР мәдениет және спорт министрі дәурен абаев ахмет байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 12 томдық шығармалар жинағын шығарып, республикалық, облыстық, аудандық кітапханаларға таратылатынын айтты. Сонымен қатар ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық метражды көркем фильм түсіріледі. Одан бөлек, министр мәлімдегендей биылғы «алтын домбыра» ақындар айтысына Ахмет Байтұрсынұлы арқау болмақ. Айта кетейік,бүгінде елімізде ахмет байтұрсынұлының есімі берілген 1 ауыл, 200 көше, 39 мектеп пен 1 әуежай және 1 музей бар.
️