Түркістанда жыл басынан бері 40 мыңға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған. Олардың басым бөлігі қарсы бағытқа шығып кетсе, тағы біразы мас күйінде көлік тізгіндеген. Соның кесірінен биылдыққа 800 автокөлік айып тұрағына қойылып, иелеріне әкімшілік шара қолданылған. Осы ретте облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүгенсіз жүргізушілерді тәртіпке салу мақсатында «Қауіпсіз жол» атты профилактикалық шара өткізуде.
️