Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ-де биыл 3542 шәкіртке жатақханадан орын беріледі. Ал сұраныс одан әлдеқайда көбірек екен. Нақты айтсақ, 5067 шәкірт жатынжаймен қамтуға өтініш берген. Десе де университет басшылығы жаңа оқу жылында алдымен грант, квота және ақылы негізде оқуға түскен барлық 1 курс студенттеріне толықтай жатақханадан орын берілетінін мәлімдеді. Тағы 2 студенттер үйін жалға алып, 430 орын дайындаған. Осылайша қажеттілік 1095 орынға дейін қысқарған.
️