Туберкулезді екі сағатта анықтауға болады

175
14.06.2021 03:09

Туберкулез ауруын екі-ақ сағатта анықтайтын молекулалық-генетикалық экспресс-әдіс пайда болды. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Туберкулез ауруын тиімді емдеу» атты республикалық семинарда жария етілді. Еліміздің әр өңірінен жиналған білікті мамандар бұрын мұндай диагнозды анықтауға екі ай уақыт кететінін, осы аралықта аурудың асқыну мүмкіндігі жоғары болатынын жеткізді.