Зейнет жасын төмендетуге қатысты ел не дейді?

341
05.09.2022 04:38

Кешегі жолдаудағы тағы бір жаңалық. Мемлекет  басшысы әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 деп белгіледі. Дәл осы тақырыпқа келгенде қоғам пікірі де екіге бөлінетіні белгілі. Бірі әйелдер үшін бұл меже тым көп десе,енді бірі жастайынан жұмыс істеп үйренген әйел затының зейнет жасынан кейін де қызмет етуі артық емес дейді.Дегенмен , бейнетінің зейнетіне жетпей денсаулығы сыр беріп жатқан аналарымызда аз емес.

Фарида Шырбанқызы 55 жаста. Соңғы 3 жылдан бері қаланың тазалық жұмыстарымен айналысады. Осыған дейін мемлекеттік мекемелерде жұмыс істемеген ол  зейнетке шыққанда қиналмайын деп зейнет ақы қорына азын аулақ қаржы салып жүріпті. Жасым 50-ден асқан соң бұдан басқа мемлекеттік жұмыс  табылмады дейді ол. Дегенмен еңбекқор әйел арасында шаршаса да, жұмысына деген ықыласы ерекше екенін айтады.

ФАРИДА ШЫРБАНҚЫЗЫ - «ЖАСЫЛ АРМАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ - қатты шаршап қалатын кездеріміз де болады. Ертең күзде жапырақ тасып, ауыр ауыр ағаш таситын кездер де болады. Бірақ келе береміз жұмысқа. Жақсы бәрі шүкір айлығымыз да жағдайымызда .осы еңбектің арқасында жетіліп жатырмыз

Сондай-ақ Нәзік жаратылған әйел заты үшін 60ты алқымдағанша жұмыс істеу оңай емес дейді ол. Жалғызбасты ана да өмірінің жартысынан көбін еңбек жолына арнаумен қатар бірнеше баланы өмірге әкелгендерді жақсы түсінемін дейді.

ФАРИДА ШЫРБАНҚЫЗЫ - «ЖАСЫЛ АРМАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ - әйелге 58 жас дұрыс негізі. Енді ғой газ келіп, су кіріп жатқаны. Бұған дейін көмірмен күлмен жүрдік қой.ошақпен.әйелдердің 5-7 туғандар бар. Оңай емес мысалы.

Ал әріптесі Гүлзинат Қарабекова 60 қа жақындапты. Көпбалалы болғаны үшін 53 жасында  зейнетке шыққын екен. Дегенмен осы жасқа дейін жұмыс істеп үйренген ол жұмыссыз үйде отыра алмаймын дейді. Оның үстіне үйде құр жүргенше бұл қосымша табыс тапқанның да артықтығы жоқ екенін айтады.  

ГҮЛЗИНАТ ҚАРАБЕКОВА - «ЖАСЫЛ АРМАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ - 2 жыл болды осында жұмыстамын. ақша жетпегеннен емес, қимыл керек болды. өзім отыра алмаймын мен үйде. енді әр кімнің денсаулығы әр түрлі ғой. істей алады біреулер істей алмайды. бұрын мен шыққанда 58 жас еді қазір 61 деп жатыр ғой енді.

Бұл мәселе төңірегінде расында да елдің пікірі екіге айырылады. Десек те соңғы жылдары  зейнет жасын 63 тен төмендету жайында көп сөз қозғалды. Нәтижесінде халық үніне құлақ асқан Президент  әйелдердің зейнет жасын 61 деп белгіледі. Бұл шешім 2028 жылға дейін сақталады. Еске сала кетсек, ел билігі әйелдердің зейнетке шығу жасын 2018 жылдан бері жыл сайын алты айға өсіріп келген. Биылдан бастап әйелдер зейнетке алпыс жарым жаста шығатын болған. 

Бұл шешім 2028 жылға дейін сақталады. Еске сала кетсек, ел билігі әйелдердің зейнетке шығу жасын 2018 жылдан бері жыл сайын алты айға өсіріп келген. Биылдан бастап әйелдер зейнетке алпыс жарым жаста шығатын болған.