Жолдау: 18 жасқа толған бала қордан қанша алады?

380
05.09.2022 04:32

Жастардың басты мәселесі баспана, көлік алу, оқу, жұмыс табу. Енді бұлардың біршамасы үшін бас ауыртпасада болатын секілді. Президент кешегі  жолдауда Ұлттық қордан 18-ге толмаған әр баланың есепшотына  қаржы бөлу керектігін айтты. Бір жағынан кәмелетке толған жастың қалтасында өз ақшасы болып керегіне жаратады. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы қазір қоғамды қызу талқыланып жатыр. Біз енді бастаманы тереңінен қаузап көрейік. 

Президент кешегі жолдауында осылай деп елді елең еткізді. Бұл жаңалыққа көппен бірге қуанғандардың бірі  Айгүл Ахметова. Ол  7 баланың анасы. Оның 3-еуі  кәмелет жасына толып қойған. Ал, қалғандары игі бастаманың шарапатын көрейін деп отыр. Көпбалалы ана мемлекет басшысының бұл тапсырмасы ұл-қызға үлкен қолдау екенін айтады. 

Қазақстанда қазір  18 ге толмаған 6,3 млн бала бар. Ал, Ұлттық қордың  инвестициялық табысы былтыр  4,2 млрд долларды болған. Оның тең жартысы балаларға бөлінеді. Кәмелеттік жасқа толған азаматқа нақты қанша теңге бұйыратынын дөп басу қиын. Бұл тұрғыда әркім әр түрлі болжам айтуда. Бұған қатысты Экономика ғылымдарының докторы  Бораш Мырзалиев былай дейді.

БОРАШ МЫРЗАЛИЕВ – ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР - 1 балаға 300 доллар 156 мың теңгені құрайды. 18 жылға есептесек, 6 мың доллардың көлемінде деп есептелінеді. Ьұның көлемі бір деңгейде тұрмайды. Үнемі өзгеріп тұрады. Жастарға жақсы демеу болады деген ойдамын.  

Қалай десекте,  бұл әзірге тек болжам ғана. Нақты алгоритмі шықпай, кесіп айту қиын. Бірақ, көпшілік жақсы нәтиже күтіп отыр. Еске салайын, жоба 2024 жылдың  қаңтарынан бастап жүзеге асады.