ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі ауысты. Президент жарлығымен бұл лауазымға Дархан Қыдырәлі жайғасты. Дархан Қуандықұлы 1974 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Еңбек жолын Қ.Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ де бастаған. Одан кейінгі жылдары бірнеше лауазымды қызметтерді атқарған. Осыған дейін «Егемен Қазақстан» газеті Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды. Сондай ақ Халықаралық Түркі академиясының президенті лауызымын атқарды.Ал, бұрынғы министр Асқар Омаров Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
️