Мақтааралда 300 орындық мектеп ашылды

324
05.09.2022 04:19

Жаңа оқу жылында Мақтаарал ауданы Аязхан Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат ауылында заманауи үлгідегі 300 орындық мектеп пайдалануға  берілді. Заман талабына сай үш қабатты мектепте оқушыларға барлық жағдайлар қарастырылған. Физика,химия,информатика,технология ,мультимедиялық және лингафондық кәбинеттер соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Айта өтейік,жалпы Мақтаарал ауданында биыл 6 мектептің құрылысы жүрген болатын.Ж.Нұрлыбаев мектебінен бөлек,жыл соңына дейін тағы бір мектептің ғимараты пайдалануға беріледі.

МҰРАТ БАЙТЕЛИЕВ - МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ: «19 жылдың ақырында тендер алып, қазір мынау пандемияға байланысты 2 жылға созылып, биыл бітіріп жатырмыз.  Мектеп өте керемет жақсы шықты. Жақсы жерден түсті. Бұл 300 орынға арналған. Бірақ спецкабинеттер көп. 550-600 бала оқитындай м.мкіншілік бар. Жалпы мектепте оқитын балалардың саны 1 млн 264 оқушы. Мектеп директоры берген мәліметі бойынша. Бұл мектептің құны 855 млн теңгеге бітті. Қазір мынау енді материалдың қымбаттауына жалпы пандемияға байланысты көп қымбаттауына байланысты көп жұмыстардың қымбаттауына байланысты бұл мектептің құны басқа аудандарда 1 млрд 800 млн.ға 2,5 есеге өсті. »

Жаңа білім ордасы мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай,сонымен қатар балалардың қолайлы жағдайда білім алуына жол ашпақ. Бұған ауыл тұрғындары да дән риза. 

ТАҒАБАЙ ӘБДІРАМАНҰЛЫ, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ: «Мектепті аңсап осындай мектеп бізге қашан түсер екен деп жүргенімізге де талай жыл болды.  Осы мектеп салынсын деп аудан әкімдеріне варызданып жүрдім.  Бірнеше Әкімдер ауысып кетті ауданда. Мақұл саламыз деп жүріп. Міні Құдай сәтін салып, Әшірханович келгелі бері осы кісі қолға алды. Биыл салып береміз деген уәдесінде тұрып, былтыр әрекет жасап биыл 1 жылдың ішінде мектебіміз бітіп, міні қуанышқа бөленіп жатырмыз»