Түркістан облысының тұрғындары медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады. Заманауи медициналық техникамен жабдықталған «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы өңірде бір ай бойы16 шалғай елдімекен тұрғындарын қабылдамақ. Білікті қызметкерлер алдымен 2-3 қыркүйекте Шойтөбе станциясына аялдайды. Одан әрі қарай Шымкент бағытындағы әрбір темір жол бекетінде бірнеше тәулік қызмет көрсетеді. Дәрігерлер емдеуді қажет ететін барлық пациентті одан әрі бақылау үшін облыстық клиникаларға жібереді. Пойыздың медициналық персонал құрамында 18 қызметкер бар. Пойыз ультрадыбыстық кабинетпен, зертханамен, стоматологиялық және басқа да жабдықтармен қамтылған.
️