Түркістан облысында мектептерге 232 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, облыста 946 мектеп бар. Тексеру кезінде асхана мәзірі, оқу кестесін дұрыс жоспарлау, таза ауыз су, жылу және жарықпен қамтамасыз ету сынды талаптар назарға алынған. 16 мектепте дәретхананың сыртта орналасқаны анықталыпты. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшіріліп, қалған мектептер бойынша шешімдер жақын арада қабылданбақ.
АСҚАР ЫСҚАҚОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Негізгі мектептерде анықталған кемшіліктер біріншіден санитарлық эпид.қорытындының болмауы. Спорт залдарындағы жылыту жүйелерінің сыртқы радиоторлары қорғаныс торларымен қапталмауы. Мектептердегі ауыз су режимдерінің дұрыс ұйымдастырылмауы сияқты қол жуу раквиналардың істен шыққан мектептер, сонымен қатар мектептердің ішкі дәретханалардың қамтылуы бойынша орын алған кемшіліктер бойынша айыппұлдар салынды.
️