Келес ауданында қос бірдей мектеп ашылды

924
02.09.2022 05:57

Келес ауданы тұрғындары үшін  Жаңа оқу жылы қос бірдей жағымды жаңалықпен басталды. Себебі ауданда екі мектеп қолданысқа берілді. Оның бірі Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында, екіншісі – Қошқарата ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде. Екеуі де 300 орынға лайықталып, замануи үлгіде салынған. 

Жаңа оқу жылын жаңа оқу ордасында қарсы алған Ынтымақтық оқушылардың қуанышында шек жоқ. Бүгін аталмыш білім ордасының ашылу салтанаты өтіп, аудан әкімі Ақмеңтай Есбаев арнайы қатысты. Ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, оқушыларға жүрекжарды тілегін білдірді. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты Зағира Қыдырова да жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. 

ЗАҒИРА ҚЫДЫРОВА, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: « Бүгін әлемде білім күні. 1-қыркүйек. Бұл жаңалыққа бастайтын бүлдіршіндерді үлкен өмір жолына алып келетін үлкен жол. Ерекше даталы күн. Бұл күн баршаңызға құтты болсын. Мынау керемет мектеп ғимараты. Ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Көрдік аралап.»

Аталмыш оқу ордасы заман талабына сай. Мұнда балалардың толыққанды білім алуына сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасалған. Мектепте 20 оқу кабинеті, химия, физика және биология лабораториялары сондай-ақ мультимедиялы-лингофонды, компьютер классы, кітапхана және  оқу залы  бар. 

НҰРЛАН АШЕЕВ, №37 Р.ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ  ОРТА  МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Білім күні құтты болсын. 1 сентябрь білім күніне мектебіміз ашылып жатыр. Енді кабинеттер жеткілікті. Физика математика барлық кабинеттер бар. Раздел кластар бар. Ақырғы үлгідегі мектеп. Спорт залымыз бар. Бәрі жақсы.»

Айта кетсем, Келес ауданында 33 мыңнан аса оқушы білім алады. Биыл 1 сыныпқа 3605 оқушы қабылданған.