Қазығұртта Білім күні ерекше атап өтілді

317
02.09.2022 05:54

Білім күнінде оқушылар араға үш ай  салып, алтын ұя мектептерімен қайта қауышты. Барлық мектептерде алғашқы қоңырау үні естіліп, мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дәл осындай игі шарадан облыстағы білім ошақтары да қалыс қалмады.  Білім күнін ерекше атап өтті.әрқайсымен рет ретімен тілшіміз баяндайды. 

Боранкүл Жантасова  7 немеренің әжесі. Бүгін бірінші сыныпқа  немересін жетектеп әкеп, ұстаздарына табыстады. 40 жыл білім ошақтарын басқарған ардагер ұстаз оқу жылымен құттықтап  жылы лебіздерін білдірді.  

Қазығұртта  71 мектепте алғашқы қоңырау үні естілді.  Онда үш мыңға жуық оқушы 1-сыныпқа қабылданды. білім күніне арналған шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев  қатысты. Ол мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді. Одан кейін оқушылар асыға күткен алғашқы қоңырауда соғылды.

Ал, Жолғабастықтар  1 қыркүйек – Білім күнін жаңа ғимаратта қарсы алды. Мектеп ғимараты   1989 жылы қаланған. Қосымша жай салу құрылысы былтыр басталып, биыл пайдалануға берілді. Ғимаратта химия-биология, физика және лингафонды кабинеттер болса, 120 балаға шақталған 6 оқу кабинеті мен тігін және ағаш өңдеу шеберханасы орналасқан.

Қуанышты күннің алғы сөзін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков алып, білім саласында жеткен жетістіктерге тоқталды. Сондай-ақ, Жолғабас негізгі орта мектебінің қосымша жайы құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме директоры мен құрылтайшысына  аудан басшысы «Алғыс хат» табыс етті.

Ал, Жолғабас негізгі орта мектебінің директоры Бағдат Нұрымбетовке мектептің «симфоликалық» кілтін табысталды. Аудандық мәслихат депутаты мектептің бір бөлмесіне жабдықтап беретін болды.

Биыл облыста 32 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның  16-сы келесі жылға өтпелі. Сондай-ақ, жаңадан  59 мектеп салынып жатыр. Биыл 34 мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.  2025 жылға дейін 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған.