Солтүстікке қоныс аударған шаруаларды мол мүмкіндіктер күтіп тұр

296
02.09.2022 05:36

Солтүстік қазақстан облысы оңтүстік дихандарын шақырады! Қоныс аударған шаруаларды мол мүмкіндіктер күтіп тұр. Қандай да бір ауыл шаруашылық техникаңыз болса, мемлекеттік конкурс арқылы тегін жер алуға болады. Көшіп келушілерге арналған мұндай көмекке Шардаралық Ғани Есмұрзаевта ие болған. Дихан жергілікті әкімдік берген 14 гектар алқапқа қарбыз егіп, мол өнім алуда екен. 

Ғани көшіп келген уақыттан бастап ауласына көкөніс егуді қолға алған. «Былтыр, 500 түп қызанақтан 1 тонна өнім алғанда бұл жақтың топырағы құнарлы екеніне көзім жетті» дейді ол. Сондықтан биыл оңтүстікте ғана көптеп егілетін қарбыздың тұқымын солүстіктің топырағына сеуіп көріпті. Нәтижесі де жаман емес.

ҒАНИ ЕСМҰРЗАЕВ – ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  - Ең бірінші жері ұнады. Қыстың күнгі қардың ылғалымен және жаңбыр көптеп жаууына байланысты өнімді суарып әуре болмайсыз...

Шардаралық шаруа түстіктің өміріне біте қайнасып кеткен. Бүгінде, Есіл ауданындағы алдыңғы қатарлы кәсіпкер. «Оңтүстікте арман болған көмектің барлығын осы жерге келіп алып жүрміз» дейді ол. 

ҒАНИ ЕСМҰРЗАЕВ – ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  - Не береді деп емес, не істей аламын деп келу керек мұнда...

Ғани қоныс тепкен Есіл ауданы мал ұстап, егін егуге өте ыңғайлы. Тұрғын саны аз болғандықтан кәсіпкерлікке арналған жер алу қиындық тудырмайды. Сондай-ақ бизнес бастағысы келетін жандарға жеңілдетілген несиелер де қарастырылған. 

ҚАСЫМ ТҰРДЫБЕКҰЛЫ – ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ   - Кәсіп ашқысы келген жандарға мемлекеттік қаржы ұйымдары арқылы көмек көрсетіледі. 400 МРП көлемінде қайтарымсыз гранттар бар...

Дәл қазір ауданға еліміздің оңтүстік өңірлерінен 200-ден аса отбасы қоныс аударған. Мемлекеттік бағдарлама басталған уақытта бері Есіл халқының саны 700-ге көбейді. Бұл өз кезегінде жұмыс күшінің жетіспеушілігін жойып, солүстікті қазақыландыру ісіне үлкен сеп болмақ.