Биыл Қазақстанда 400 мың оқушы 1 сыныпқа барады. Олардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 192 күн демалыс, 173 күн сабақ. Биылғы оқу жылының басты жаңалығы – оқушылар 5 күн оқиды.Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында елімізде 3,6 млн бала 7 637 мектепте білім алады. Қазір Қазақстан бойынша 280 мыңдай балаға орын жетпейді. 2025 жылға қарай бұл сан 1 млн орынға жетуі мүмкін. «1 000 мектеп» жобасы аясында былтыр 270 мектеп салынса, биыл 225 мектепті қолданысқа беру көзделген.
️