Түркістандық зиялы қауым өкілдері Жолдауға қатысты пікір білдірді

500
02.09.2022 04:13

Жемқорлардан тәркіленген қаражат мектеп салуға жұмсалуы тиіс. Білім саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталған Мемлекет басшысы осылай деді. Одан бөлек, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын айтты. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілмек. Бұл жаңалық әсіресе бала саны көп Түркістандық тұрғындарды қуантып отыр.  

Түркістандық зиялы қауым өкілдері жолдауды ерекше ықыласпен тыңдады. Ел байлығын тиімді пайдалану, әлеуметтік және экономикалық саясат арасында тепе-теңдікті сақтау бойынша бастамалар халық көкейінде жүрген сұрақтарды дөп басқаны даусыз. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге нүкте қойылғандай. Ел арасында резонанс тудырған әйелдердің зейнет жасы қысқарып, минималды жалақы мөлшері артты. 

СЕЙДУЛЛА САДЫҚОВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР - Бұл жолдаудың ерекшелігі осы жолдауда өзім ғалым ретінде де аңғарғаным біздің әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалардың атқарылуы тиіс мән маңызы кең түрде берілген. Егер осы реформаларды жүзеге асыратын болсақ, онда әділетті жаңа Қазақстан құруға деген біздің құлшынысымыз ақталатыны сөзсіз. 

Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлінуі – құптарлық жайт. Әсіресе, жастарға қолдау көп дейді жиналған қауым. Мәселен келесі жылы 100 мың жасты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасы көпті қуантып отыр.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ - Ең төменгі жалақы көпті қуантатын нәрсе бірінші содан бастағым келеді. 60 мың теңгеден 70 мың теңге дейін көтерілетін болды. Ол өте қуантатын мәселе. Екінші мәселе, денсаулық саласына мән беріліп, елде 650 фел,акушерлік пунктер салынатын болып айтылды. Көптеген мәселелр айтылды. 

 

БАҚЫТЖАН БЕЙСЕМБАЕВ -  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ - Маған мына жолдауда бірінші қатты ұнағаны Конс.-лық реформалардың аясында халықтың әл-ауқатын жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайларын жақсартуға, әлсіз санаттағы азаматтардың жағдайын жақсартуға бар күшімізді одан әрі саламиыз деді. Бүкіл Қавзақстандықтарды жолдауды қолдауға шақырамын. Соны орындауға шақырамын. 

Зиялы қауым өкілдері еліміздің Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға төлеу қажет деген бастама орынды дейді. Өйткені Қазақстанда жастардың көбі үйсіз-күйсіз. Бұл бастама, олардың баспаналы болуына үлкен дүмпу болайын деп тұр. 

ҰЛЖАН МҰСТАФАЕВА - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘЙЕЛДЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ - бүгін мына жолдауды тыңдап, ана ретінде, әже ретінде , бала-шағамыздың болашағына қуанып отырмын.жаңа қазақстанды құру үшін президентіміз көптеген мәселеге тоқталып өтті. Әр балаға 18 жасқа дейін ақша аударылып отырады деді. Өзі ғана жаратады.үлкен кермет дүние білім алуы мүмкін үй алуы немесе маған ең қатты ұнағаны сол

Президент Жолдауын Түркістандағы университет қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығы ұжым болып тыңдады. Олар жолдауда айтылған барлық мәселе ескерусіз қалмай, жүзеге асарына сеніп отыр.