Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады

249
01.09.2022 10:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ ол президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік.

Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", – дейді Тоқаев.