Солтүстікке көшкенде нені ескерген жөн

237
01.09.2022 07:56

Солтүстіктің табиғаты көркем, топырағы құнарлы болғанымен қоныс аударушыларды алаңдатқан мәселелерде баршылық. Көшіп барып, шешімін өзгерткендер де ең алдымен тұрғын үйдің сапасыздығын алға тартады. Күнкөріс қамы оңай болса, қоныс аударушылар неге қайтып жатыр? Солтүстікке көшерде нені ескерген жөн? Бейнесюжеттен көріңіздер.

Күнгейден теріскейге көшу кімге болса да оңай болмасы анық. Себебі, жылы жақтан келгендерді жердің ақсеңгір аязы күтіп алады. Суыққа денеңіз үйренгенімен, баспана бітеу болмаса қиынға соғады. Олай болуыда мүмкін. Осыдан тура бір жыл бұрын «Хабар» телеарнасы қоныс аударушылардың баспанасы сын көтермейтінін көрсеткен еді. 

МҰРАТ ЖҮНІСОВ – ЧАПАЕВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Бұл жерде өмір сүруге болады. Бірақ, мына үйлерде тұра алмайсың. Бала-шаға киіммен ұйықтайды. Үй суық. Қабырғалар қақырап жатыр.

Тұрғындар баспанадан бөлек, ауыл ішінде тас жолдардың жоқтығын да алға тартқан. Бірақ, бұл үйлер жеке мердігерлердің қаржысына салынғандықтан мемлекет қадағалау жасай алмаған. Ал, үкімет салған баспаналар барлық талапқа сай деп ақталды әкімдік. Хош. Бұл Солтүстікке көшетіндердің ең бірінші қорқынышы. Яғни, жазда жап-жаңа, ешқандай проблемасы жоқ болып көрінгенімен, қыстың күні қабырғалары опырылып түседіме деген уайым бар. Одан өзге түстіктегі тіл мәселесі. Оңтүстікте ана тілінен өзгесін білмей, халқының басым бөлігі өзге ұлт өкілдері болып табылатын теріскейге көшу, кімге болсын қиындық тудырары сөзсіз. 

АЛТЫНАЙ ТОРТАЕВА – МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  - Бұл жақта көбісі орыстанып кеткен екен. Соған көзім жетті. Бізде Таразда ер кісілер әйелдердің жұмысына араласпайды. Ал, мұнда күйеулері дастарханды сүртіп алып, шәй қойып жүреді.

Солтүстіктің көп бөлігі «орыстанып» кеткенін айттық. Үйлерінің сапасы сын көтермейтінін хабарладық. Айтапақшы. Теріскейге қоныс аударушыларға арнап салынған үйлерге мемлекет 7-8 миллион қаржы жұмсайды. Ол, құрылысқа кететін шығын. Бірақ, бұл есеп 2013 жылы жасалған. Өзіңіз ойлап көріңізші. 9 жылдың ішінде құрылысқа керекті материялдар 3-4 есеге қымбаттады. Яғни, бүгінде ондай қаржыға дені дұрыс баспана тұрғызу қиынға соғады.

Иә, туған топырақтан көшіп, жаңа ортаға қосылып кету біреуге қиын, біреуге оңай болары. Бірақ, көшуге бел буар алды, жоғарыда аталған жағдайларды ескергеніңіз жөн!