Ордабасы ауданында Тамыз кеңесі өтті

287
01.09.2022 06:18

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында Тамыз конференциясы өтті. Жиын барысында үздік деп танылған педагоктар марапатталды. Айта кетейік бүгінде өлкеде білім сапасы жоғары деңгейде деп айтуға негіз бар. Мәселен биыл 91 оқушы алтын белгі иегері атанған. Толығырақ тілшіміз Өркен Мырзабек тарқатады. 

Осылай дәстүрлі аудандық тамыз кеңесінде өңірде үздік деп танылған ұстаздар марапатталды. Оқушыларға білім беру педагок үшін маңызды. Бүгінгі еңбектерін елеп ескергені үшін мұғалімдер де дән риза. 

ҰЛБАЛА ӘЛМЕНОВА – ҰСТАЗ - Бүгін тамыз конференциясында жаңа ұстаздардың реформаларымен танысып Ордабасы ауданының жаңашыл мұғімдерін марапаттап жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Осы Ордабасы ауданындағы Шұға Нұрабайқызына рахмет. Өзіміздің әдіскер Ақмарал апайға рахмет. Осындай жетістігімізді елеп ескеріп жатқанына. Біз енді одан арықарай шыңдалабереміз. Болашақта біз секілді мамандарды даярлауға құштармыз. 

Бір қуантарлығы педагогика мамандығына түскен мектеп түлектері аз емес. Бұл ұстаз мәртебесінің жоғарылауының бір көрінісі дейді сала мамандары. 

БАРШАГҮЛ ИСАБЕК- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ  - Ордабасы ауданында бүгін тамыз конференциясы өтіп жатыр. Тамыз конференциясының барысында. Жалпы білім беру саласында өзгерістер туралы көп мәліметтер берілді. Қасым-ЖОМАРТ Тоқаевтың ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою мақсатында көмек беру үшін Біздің университет арасында келісім шартты сақтай отырып білім беру саласында жұмыстар жасап кележатырмыз. Біздің университетке 380 талапкер оқуға түскен. Соның 10  алтын белгі иегері 20 сы үздік аттестат иегері 119 мемлекеттік білім грант иегері екен. Бұл былтырғымен салыстырғанда  37 пайызға артық. Яғни білім саласында көп өзгерістер болып жатыр. Бізде білікті профессорлар бар. Қашанда ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз.

ШҰҒА НҰРАБАЕВА-ОРДАБАСЫ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі тамыз конференциясяның негізгі мақсаты оқу жылындағы жаңашылдықпен мұғалімдерді таныстыру 25 күні әр пән бойынша секционный жұмыстар болды. Бүгін барлық секционный жұмыстарды жинақтап мынау мектеп басшыларымен.  Балабақша меңгерушілірмен үлкен конференция өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы Білімді ұлт. Білімді отан сүйгіш еңбекқор оқушыларды тәрбиелеу дегентақырыпта өтті. Тақырыптың өзі өте кең көлемде. Бүгінгі таңда Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Ұстаздарға берген үндеуінде, бізге тапсырған үндеуінде бізге тапсырған міндеттерінде, осы тақырыптың ішінде барлығы жинақталып тұр. Біз балаға білімде береміз, патриот етіп тәрбиелейміз. Біз балаға білімде береміз, патриот етіпте тәрбиелейміз. Осы мақсатта үлкен конференция өткіздік. 

Айта кетейік 1-сыныпқа биыл ауданда 3545 қабылданған.  Сондай-ақ 17 елдімекеннен 1424 оқушы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің есебінен 7 автокөлікпен  және 9 жалға алынған темір тұлпармен тасымалданады.