Дизель бағасына қатысы бар шенеуніктер жазаланды

201
01.09.2022 06:12

Жылда егістікті жинайтын уақытта дизель бағасы шарықтайды. Тапшылық пайда болады. Биыл да бұл жағдай қайталанды. Үкімет осыған байналысты комиссия құрып, уақытында жағдайды реттей алмағандарға сөгіс берді. Үкіметтік комиссияны премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарады. Сөгіс алғандардың қатарында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бар. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, Энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз компаниясының бірқатар жауапты қызметкерлері жұмыстан қуылған. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында. Қыркүйек айының басында жағдай тұрақталады деп күтілуде.