Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

258
01.09.2022 06:07

Ақтөбе облысына да жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымға  Ералы Тоғжанов лайық деп танылды. Ол 2020 жылдан бері  Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған еді. Әкім болуға одан бөлек Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың да кандидатурасы ұсынлған. Дегенмен,өңірдегі  160 депутаттың  65 пайызы Ералы Тоғжановты қолдады. Ақтөбенің жаңа әкімі 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы заңгер. Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған. Ал, бұған дейін өңірді басқарған Оңдасын Оразалин лауазымынан босатылды.