Түркістанда баскетболдан жарыс өтті

217
01.09.2022 05:59

Түркістанда 3ке3 форматындағы баскетболдан ел кубогі өтті. Сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен және көршілес Өзбекстаннан командалар келді. Турнирде бірнеше жас категориясында ерлер мен қыздар бақ сынасты.

Түркістанда баскетболдан ашық ел кубогі өтті. Байрақты бәсекеде Леброн Джеймстей боламын деген балақайлар мен кәсіпқой деңгейде ойын өрнегін көрсетіп жүрген өрендер де бар. Бірақ, жарыстың форматы қарапайым баскетболдан өзгеше. Командада 3 ойыншы және олар бір себетке доп кіргізеді. 

Ерлер мен қыздар арасында 6 категория бойынша өткен жарысқа барлығы 75 команда жиналды. Ерлер арасында Арыс қаласының командасы қарсылас шақ келтірмеді.

ДАНИЯР ЕСТЕМІР - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ - Біз бірінші орын алдық. рахмет организаторларға, спонсорларға. Өте күшті, жоғары деңгейде өткізді. Мен өзім кішкентай кезімнен баскетболды бастап, профессионал командаларда ойнадым.

Бұрымдылар арасындағы жарыста да, Түркістан облысының құрамасы қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Себебі, ішінде ел біріншілігінің бірнеше дүркін чемпиондары бар. Оның үстіне, Ұлттық құраманың сапында намысты қорғап жүрген арулар да

ТАМИЛА ЖАҚЫПОВА - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ - АУДАРМА: Мен 4 жылдан бері кәсіпқой баскетболшымын. Түркістан қаласының командасы осымен қатарынан екінші рет 3ке3 форматында ел біріншілігінде топ жарып отыр. Қарсыластарымыздың деңгейі жылдан-жылға артып барады. Өзге командалар үшін үлкен тәжірибе болды деп санаймын.

Ойыншылар және бапкерлердің айтуынша, Түркістандағы дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті. Оның үстіне, қажетті алаңқайлар да жеткілікті екен. Жақын арада өңірдегі баскетбол деңгейі бұдан да қарқынды дамып, Ұлттық құраманың базасы атануға да лайық деген пікір айтылды.

ҒАЛИЯ МАМАХАН    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАСКЕТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ - Кубок өте жемісті болып жатыр. 75 команда келді. Оның ішінде Қазақастан Республикасының барлық аумақтарынан и Өзбекстанның құрама командасы келіп қатысып жатыр. Үш күндік додада үлкен тәжірибе алды қыздар. Ю-18 Түркістан қыздары бірінші орын алды.

3ке3 форматындағы баскетбол АҚШ-та өткен ғасырдың 50-і жылдары пайда болды. Өзгеше стритбол деген атауы да бар. Бірақ, бұл спорт түрі де ФИБА-ның қарауында әрі 2020-ы жылғы жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген еді.