Жетісайдың қауындары шекара асуда

333
01.09.2022 05:54

Қауын қарбызды егіп, күтіп баптаудың машақаты көп. Дайын өнімді сату да шаруалар үшін оңай емес. Алайда жетісайлық шаруалар бұл жөнінде алаңдамаса да болады. Өйткені өңірде 7 бірдей қауын қабылдау бекеті жұмыс істейді екен. Яғни, дихан тұтынушы іздеп табанын тоздырмай ақ, бір жерге барып бүкіл тауарын сатып кете алады. Бағасы да көңілге қонымды дейді олар. 

Бұл қауын қабылдау бекеті. Жетісай ауданының өзінде дәл мұндай 7 бірдей орталық жұмыс істейді. Мұның тиімділігі диханшы еккен өініміне тұтынушы іздеп сабылмайды. Яғни, бір жерден барлық тауарын сатып кетуге мүмкіндік бар. Мәселен, Қазыбек би ауылдық округіндегі шаруа қожалықтардың бірінде осы жылы 2 гектарға қауын егілген. Қазіргі таңда соңғы өнімдерін қабылдау бекетіне өткізуде.

НАБИДОЛЛА КӨЛІКБАЕВ -  ҚАУЫН ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТІНІҢ БАСШЫСЫ - Дихандар пунктімізге қауын әкеп тапсырып жатыр. Карапкасын 1700-ден қабылдап алып жатырмыз. Көрші елдерге Ресейге, Беларусьяға кетіп жатыр. Күніне бір фура жібереміз. Әр фураға 1450-1400 каропкадан атқарамыз. Қабылдаушылар Қырғызстан жігіттері. Біз соларға өткіземіз. Биыл диқаншылығымыз жаман емес. Биыл берекелі жыл болып отыр. 

Осы жылы Жетісай ауданында 15200 гектар аумаққа бақша дақылдары егілген. Олардың басым көпшілігінде қазір терім жұмыстары аяқталып, жеміс шет елге жөнелтіліп жатыр. Жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтілуде. Қазірдің өзінде мұндағы 3 мыңға жуық ауыл тұрғыны жиын-терім жұмыстарына тартылған. Оларға күнделікті жұмыс ақысы төленіп, тұрақты пайда табуда. 

НҰРБОСЫН ОРАЗБАЕВ - ҚАЗЫБЕК БИ АУЫЛ ОКРУГІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ - Округ бойынша 8 194 гектар жер бар. 5215 гектар мақта. 1134 гектар бақша Оның ішінде 242 гектар күленка астындағы 60 гектар қарбыз бар. 434 гектар жалпы көкөністердің көлемі 646 гектар жүгері бар. 22 гектардай күріш бар. 15 гектар картоп бар. 

Округ бойынша 980 шаруа қожалығы бар. Негізгі дақыл мақта, Соның ішінде бақша дақылы бар. 

Биыл Жетісай ауылының диқандары 458 мың тонна бақша өнімдерін өндіріпті. Соның 317 мың тоннасы шет елге экспортталып үлгерген.