Президент Конституция күнімен құттықтады

293
31.08.2022 05:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып  отыр. Өйткені осыдан 27 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қабылданды. Содан бері қоғамның талабы да, көзқарасы да, саяси сауаты да өзгерді. Биыл 5 маусым күні халқымыз жалпыхалықтық рефрендум кезінде Жаңа Қазақстанның басты құжаты Ата заңдағы ауқымды өзгерістерге дауыс берді. Енді соның негізінде Конституциялық заңдар қабылданады. Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту.