Түркістанда денсаулық саябағы ашылды

247
31.08.2022 04:51

Мереке қарсаңында тағы бір игі жиын өтті. Түркістандағы денсаулық саябағы ашылды. Емхана маңында орналасқан нысанға ем алушылар, дәрігерлер қауымы және тұғындар келіп тамашалай алады. Бұл ақ халатты абзал жандарға көрсетілген құрмет дейді сала мамандары. 

Саялы бақтағы салтанатты кеш - қариялардың құтты қадамымен басталды. Шараға келген зиялы қауым өкілдері 10 бүлдіршіннің тұсауын кесіп, алақан жайып, ақ батасын берді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың өзі көпшілікті мерекемен құттықтап, балаларға арналған қамқорлық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Мәуелі бақта 600 –дей ағаш егілген. 100-ге жуық балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бар.  Ең басытысы күн мен жаңбырдан қалқалайтын шатырлар салынған. Және кіші сәулеттік 136 форма орнатылған. Сондай-ақ, саябақтың сәнін келтіріп тұрған ана мен бала мүсіні көз қуантады.

Ел игілігі үшін берілген саябақта енді іргелес орналасқан емхана қызметкерлері тынығуға болады. Сондай-ақ осы маңдағы қала тұрғындарының да сүйікті орнына айналмақ.