"Жауғашты батыр" тарихи-мәдени кешені ашылды

1211
31.08.2022 04:47

Түркістанда «Жауғашты батыр» тарихи-мәдени кешені ашылды. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары наурыз айында басталған. Аумағы 1200 шаршы метрді алып жатқан саябақтың салынуына 32 миллион теңге жұмсалған екен. Мәдени кешенде саябақтан басқа арнайы мұражай орналасқан. Онда әр түрлі рудың шежірелері мен тарихи кітаптар қойылыпты.

ЖАНДОСБЕК СЕЙТБЕКОВ - "ЖАУҒАШТЫ БАТЫР" ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ - Бұл кешен тек батыр ұрпақтарының баратын жері емес бүкіл Түркістан қаласының туризмінің дамуына үлкен үлес қосатын кешен деп ойлаймын. Осында Құлатай ата кесенесі орналасқан. Осы комплескс бір-бірін өзі толықтырып тұр.

Кешеннің ашылу салтанатына еліміздің түкпір-түкпірінен батырдың ұрпақтары жиналды. Баба рухына арнайы ас беріліп, құран бағышталды. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар тарихтан сыр шертті. Айта кетейік, Жауғашты батыр 17 ғасырда өмір сүрген. Оның тікелей ұрпақтары Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданы аумағындағы елді-мекендерде қоныстанған. Ал,батыр Түркістан облысы Отырар  ауданы Балтакөл ауылынан 50 шақырым жердегі ескі мазаратқа жерленген екен.

ЖАРЫЛҚАСЫН ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Бұның ең мықтысы артымыздан ерген ұрпаққа үлкен тәрбие беру.қазақ негізі руға бөлінбейді,рудан құралады жеген сөз бар ғой. Сондай бір рудың атақты батыры ел-жұрт үшін, әділеттілік үшін күрескен. Ал енді бұл кесененің ашылуы артымыздан ерген ұрпақтарымызға үлкен тәрбиелік мәні бар. Біздің ұрпақтарымыз осыларға қарап бой түзейді.өткен ата бабасын есінге алады.