Түркістанға Түркияның ең танымал дәрігерлері келді. Олардың қатарында Ыстамбұл қаласы Жеррах Паша университеті клиникасының профессоры Харун Жансыз бен медицина ғылымдарының докторы Мехмед Явуз Жошкун, сондай-ақ профессор Мустафа Солак пен Саит Билгич бар. Аталған дәрігерлер бауырлас елдің медицина саласындағы озық тәжірбиесімен бөлісіп, облыс тұрғындарына күрделі оталар жасаған. Олар осы сапарында туғаннан сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы, аутизм, есту, көру, сөйлеу қабілеті тежелген балаларды қарады. Екі аптаға созылған қабылдауда 40-тан астам тексерістен өткен.
️