Шардара ауданында Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Шараның негізгі мақсаты ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сондай-ақ саяси және өзге де бірлестіктердің күш жігерін шоғырландыру. Жиын барысында кеңес төрағалары мен мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, ұйым маңызды мәселелерді талқылаудың алаңына айналғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар басқосуда тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша және көліктік байланысты қамтамасыз ету тақырыптарында баяндама жасалды.
️