Бәйдібек ауданында Тамыз кеңесі өтті

374
31.08.2022 04:28

Дәстүрлі тамыз кеңесі Бәйдібек ауданында да өтті. Аймақтағы білім саласының қызметкерлері кезекті рет басқосты. Облыстың тамыз кеңесінен кейін әр аудан жаңа оқу жылындағы жаңашылдық жайын ұстаздарға құлағдар етті.  

Биыл Бәйдібек ауданында Ұлттық бірыңғай тест тапсырған 650 түлектің 55,4 пайызы жоғарғы оқу орнына түсті. Ал «Мектепке жол акциясы» аясында 50-ге жуық бала киім-кешекпен қамтылды. Бұл туралы өңірдің бас ұстазы Ақбала Аманбайқызы мәлімдеді. Одан өзге, жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен мақсат-міндеттер жайы сөз болды. 

АҚБАЛА ҚҰЛЫМБЕТ – БӘЙДІБЕК АУДАНЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Биылғы оқу жылында Есіркеп атындағы жалпы орта мектебіміз күрделі жөндеуден өткізілуде. Досан мектебі пайдалануға берілсе деп отырмыз. Жолғабас мектебінің жанынан қосымша 8 сынып салынған болатын сол пайдалануға беріледі. Және Мұхтар Әуезов атындағы ІТ мектебі жанынан спорт зал пайдалануға беріледі деп отырмыз. 

Жиынға келушілер алдымен көркем-сурет көрмесімен танысты. Онда білім ошағының жеткен жетістігі мен аудан тынысы бейнеленген. Сондай-ақ, мерекелік кеш барысында озат педагогтардың еңбектері елеусіз қалмады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен ұстаздар мен мектеп басшылары марапатталды. 

БАҚЫТ ҚЫРҒЫЗАЛИЕВ – БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  - Білім саласын дамыту халықтың болашағы әл ауқатын арттырудың әлемдік деңгейге бәсекеге қабілетті болудың кемел келешектің алғырттығы сол үшін бізде салағана әрқашан қолдау көрсетіп келеміз. 01/03 мектепке дейінгі білім беруді дамыту басты назарланып, мектепке дейінгі тәрбие деңгейі кешенді жұмыс жүргізіп, сол арқылы 98,8 пайызға жеткіздік. 

Тамыз отырысының мақсаты тек жетістіктерді айтып мақтау емес. Кемшіліктерді де көрсетіп, оның шешімін іздеу. Сондықтан жиынға жиналған бірқатар азаматтар жарыссөзге шығып, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Келелі кездесу соңы мерекелік кешпен жалғасын тапты. 

Айта кетейік, бүгінде Бәйдібек ауданында 49 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп бар. Одан өзге, 2 қосымша білім беру ұйымдары өз жұмысын бастауға әзір.